Түркістан: Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

Oinet.kz 29-11-2019 982

Screenshot_3.jpg

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының бастамасымен мемлекетті  аяқтан нық тұрғызу бойынша түрлі идеялар саяси-экономикалық  реформалардың іске асуына, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосуда.

Осы орайда,  Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Елбасының курстасы Каримов Асетулла, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан  Әбенұлы қатысты. Конференцияны ашып жүргізген С.Қалқаманов Н.Назарбаевтың  сарабдал саясаты,  нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналғанын атап өтті.

"Елбасымыздың Түркістан облысына, оның орталығы Түркістан қаласына ықыласы ерекше екенін білесіздер. Біздің алдымызда Елбасы сенімін ақтап, Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін тер төгіп, аянбай еңбек етуіміз керек", деді облыс әкімінің орынбасары.

Screenshot_2.jpg

Жақында Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Түркістанға арнайы келгеніне тоқталған жазушы Мархабат Байғұт Елбасының сұңғылалығы мен даналығын, оның шынайы болмысын  суреткер көзімен  талдап айтып, тосын деректерді көпшілікке баяндады.

Елбасының облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жөніндегі Жарлығының арқасында Түркістан көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр. 

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бұрынырақ жарық көрген «Президент пен перзент» кітабының жазылудағы ел білмейтін деректерімен бөлісті. 

Шарада Ұлт Көшбасшысының Қазақстанды дамыту жолындағы қайраткерлігі, ұлтқа деген қызметі, тұлғалық қасиеті ашыла түсті.

Айта кетейік, Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері киелі Түркістан облысына 36 рет ресми сапарлап келген. Оның 36-шы сапары жуырда 4-5 қараша күндері болып өтті. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Батырбек Көшербай - Төлеби ауданының құрметті азаматы
Сағынтаев: «Мен Бауыржан Байбек мырзаның жұмысына баға беріп, оны талқылағым келмейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу