Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Oinet.kz 26-11-2019 736

26 қараша күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Қазгидорметке сілтеме жасап. 

ауаның ластануы.jpg

Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Шымкент қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Алтын қор» музейінен құны 1 миллиард тұратын әшекей бұйымдар ұрланды
Павлодарда сантехник жертөледегі ыстық суға күйіп қаза болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу