«Алтын қор» музейінен құны 1 миллиард тұратын әшекей бұйымдар ұрланды

Oinet.kz 26-11-2019 1050

Дрездендегі «Алтын қор» музейінен саксон ханшайымының аса құнды әшекей бұйымдары ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Дрезден музейінен 1 млрд еуро тұратын ханшайымның әшекейлері ұрланды

Екі ұры музейге баса көктеп кіріп, бірінші қабаттағы терезенің торкөзін арамен кесіп, витринада тұрған әшекей бұйымдарды қолды еткені бейнекамераға түсіп қалған. Қарақшылар жеңіл көлікке мініп ізін суытқан. Полиция бірнее минутта оқиға орнына жетіп келді.

 Ұрлық болардың алдында ғана музейге жақын жерде өрт болып, ауданда электр қуаты өшірілген. Полицияның айтуынша, қылмыскерлер осы арқылы тәртіп сақшыларының назарын аударып, музейдегі дабыл жүйесін өшірген болуы мүмкін. 

Тарихи маңызы зор болғандықтан, әшекей бұйымдардың құнын дөп басып айту қиын. Бірақ Bild газетінің жазуынша, 1 миллиард еуроға жуық залал келген.

«Алтын қор» - Дрезденнің танымал музейлерінің бірі. Оның көрме залдарында үш мыңнан астам экспонат сақтаулы.

Елордада Сирия бойынша ХІV кездесу өтеді
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу