Cирия президенті Қазақстанға алғыс айтты
06-03-2023
10-11 желтоқсанда елордада Сирия бойынша кезекті халықаралық жоғары деңгейдегі ХІV кездесу өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадрияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz.
«Оған кепілгер елдер – Иран, Ресей, Түркия, Сирия Үкіметі, Сирия қарулы оппозициясы делегациясының қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері қатысады. Отырыстың күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді: Сириядағы ахуал, Ифрат өзенінің арғы жағы және Идлиб мәселелеріне басымдық, тұтқындарды босату және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруді қоса алғанда сенім шаралары, босқындарды қайтару және мемлекет ішінде қоныс аударған тұлғалар контексінде Сирияға кешенді гуманитарлық көмек көрсетуді жандандыру, оның ішінде халықаралық конференция өткізу туралы тиісті бастамаларды талқылау, Конституциялық комитеттің іске қосылуы аясында саяси үдерістерді ілгерілету», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, сондай-ақ, аталмыш кездесу алаңында БҰҰ мен халықаралық Қызыл Крест комитетінің кепілгерлері мен сарапшыларының қатысуымен күшпен ұсталып отырған адамдарға арналған жұмыс тобының оныншы отырысын өткізу жоспарланған.