Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков қандай мәселелерді талқылайды

Oinet.kz 25-11-2019 850

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапары аясында қандай мәселелер талқыланатынын айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Тоқаев пен Жээнебекович.jpeg

«27 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Президенттің сапар бағдарламасына республика басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты келіссөздер жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті бесінші отырысына қатысу енген. Жоғары деңгейдегі кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралатын болады», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, тараптар мемлекеттер басшыларының бірлескен декларациясы және жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдеріне, Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламаға, сондай-ақ басқа да үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді бекіту сияқты екіжақты бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр. 

«2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан аралығындағы тауар айналымы 389,4 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстаннан Қырғызстанға экспорты осы кезеңде 269,2 млн АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн», - деді ол. 

Айбек Смадияров сондай-ақ, 28 қарашада Мемлекет басшысы Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысатынын атап өтті. 

«Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары ұйым қызметі аясында өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Сонымен бірге, биылғы жылғы ұйым қызметтінің басым бағыттарын іске асырудың қорытындысын шығарады деп күтілуде. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі ұйым елдерінің ұжымдық іс-қимыл жоспарын, тәжік-ауған шекарасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған қосымша шаралар тізбесін бекітуді жоспарлап отыр», - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапармен баратынын баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім еткен болатын.

Жаңөзендегі мейрамханалардың бірінде екі даяшы газдан уланып, көз жұмды
Елордада Сирия бойынша ХІV кездесу өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу