Ақтоты Райымқұлова екінші орын алған Ержан Максимге құттықтау жолдады

Oinet.kz 25-11-2019 1104

«Junior Eurovision -2019» ән байқауында 2-орын алған жас әнші Ержан Максимді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу ақтоты райымқұлова

«Құрметті Ержан! Сізді Junior Eurovision song contest-2019 байқауында жүлделі екінші орын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision халықаралық ән байқауындағы жарқын өнеріңізбен кезекті рет асқақ арманға деген құлшынысы зор дарынды, еңбекқор әнші екеніңізді паш еттіңіз. Расында, сіздің орындауыңыздағы әсем ән әлем халықтарының қазақ мәдениетімен таныса түсуге деген құштарлығын оятқаны сөзсіз. Алдағы уақытта да жаһандық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, жарқын жетістіктеріңізбен ел мерейін үстем ете беріңіз. Осынау сәтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілеймін!», - деп жазылған министрдің құттықтауында. 

Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын. 

Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын болды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.


Тоғызқұмалақ ойынының оқу құралы литва тілiнде жарық көрді
Казмидромет алдағы уақытқа ауа райына болжамын ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу