Қызылордада көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып өлтірді

Oinet.kz 21-11-2019 1101

Қызылордада көлік жүргізушісі аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

21-қазан күні шамамен сағат 09.15-те Назарбаев даңғылының бойында Toyota Camry жүргізушісі Mercedes-Benz көлігін соғып кетіп, көлік тізгініне ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен. 

Үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған, екі адам ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Омар Жәлел «Абай Құнанбаевты» жоққа шығарды
Павлодарда 4 көлік отқа оранды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу