Қашаған ескерткішін жөндеуге шамамен 25 миллион теңге бөлінбек

Oinet.kz 13-11-2019 926

Жергілікті билік жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталады, деп жазады Oinet.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме беріп. 

Қашаған жырау.jpg

Бұл туралы Атырау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев мәлім етті. Қашаған Күрімжанұлына арналған ескерткішті жөндеу жұмыстары келер жылдың көктемінде басталады деп жоспарланып отыр.   Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына қажет есептеулер жасалған. 

«Ақын ескерткішін жөндеуге шамамен 20-25 млн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Қыста тендер өткізбекшіміз. 

Содан кейін көктемде жөндеу жұмысы басталады. Керомогранитті толық ауыстыру көзделіп отыр», – деп атап кетті ол. 

Еске салар болсақ, биыл қаланы абаттандыру жұмысымен «Алаш Констракшн» ЖШС айналысады. 

Осыған дейін қала тұрғындары ақын ескерткішінің сұрқы қашқанына бірнеше рет шағымданған болатын.  

Көпбалалы аналарға 20 млн теңге берілуде
Перуашев ақша аударымды тексеру туралы бастаманы қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу