Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 09-11-2019 1071

Шымкент шұңқыр.jpg

Шымкент қалалық әкімдігі құрылыс алаңында екі жұмысшының қайтыс болуына байланысты брифинг өткізіп, аталмыш оқиғадан кейін жедел түрде ҚК 156 бабының 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәслихатына қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен ТЖД басшысының орынбасары Мадияр Жақсыбаев, Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен еңбек испекциясының басшысы және мердігер компания өкілдері қатысты.

"Оқиғаның алдын ала болжамды себебі: құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС тарапынан қауіпсіздік техникасы жəне құрылысты жүргізу технологиясы сақталмаған", - делінген әкімдіктің ресми мәлімдемесінде.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, қазір үйінді астында қалып аман қалған жүргізушінің жағдайы қалыпты. Тиісті медициналық емдеу шаралары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қараша күні Шымкентте «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС жұмысшыларының шұңқыр қазу кезінде топырақ үйіндісінің астында қалып, қайтыс болды.

Шымкенттің экс әкімі бюджеттен 568 710 теңге үнемдеген
БҰҰ Көкжайлау жобасына тыйым салуға қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу