Димаш Құдайбергеннің өнері 12 сағатта 120 миллион қаралым жинады

Oinet.kz 07-11-2019 979

Картинки по запросу димаш құдайберген

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнері жарты күннің ішінде 120 млн қаралым жинады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған OINET.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», - дейді әнші. 

Бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда өткен Бетперде киген әнші (Mask Singer) шоуына қатысып, өнер көрсеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 

Mask Singer – қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады. Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған.

Ресми түрде Головкиннің келесі қарсыласы белгіленді
Жеңіс Қасымбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуге тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу