Ресми түрде Головкиннің келесі қарсыласы белгіленді
Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) тең промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы), Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс.
Айта кетейік, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ, Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі де берілді.