Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Әлемдегі қазақ диаспораларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы "Отандастар" қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Диаспораларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалуда. 2020 жылдың көктеміне қарай біз оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік бағдарлама ел басшылығы деңгейінде таныстырылады», - деді Талғат Адуов Омбыдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы аясында өткен бизнес-форумда.
«Отандастар» қоры отандастар форумын 2020 жылдың көктемінде өткізуді жоспарлап отыр, онда мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері жария етіледі.
«Мемлекеттік бағдарламада жақсы тетіктер бар, мысалы, қазақтың куәлігі. Бұл шетелдегі қандастарымызға Қазақстанда саяси құқықтардан басқа, көптеген құқықты біздің елдің азаматтарымен тең жағдайда пайдалануға мүмкіндік беретін құжат», - деді "Отандастар" қорының бірінші вице-президенті.
Қазақстан азаматтарының саяси құқықтарына қоғамдық ұйымдар құру, сайлаулар мен дауыс беруге, бейбіт жиналыстар мен митингілерге қатысу кіреді.
Аталмыш қордың мақсаты – әлемдегі отандастарға қолдау көрсету, қазақ диаспораларын біріктіру және Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының рөлін күшейту.
6-7 қарашада Омбы қаласында Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің ХVІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.
Пленарлық отырыстың тақырыбы: Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері".