Дариға Назарбаева жұмыс бабымен Павлодар облысына келді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлайды OINET.KZ сайты Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Жоғарғы палата басшысы Павлодар облысындағы Қазақстан Жастар конгресінің күндері аясындағы шараларға да қатысатын болады.