Ақтөбеде табиғатты күзету заңнамасын бұзған 206 дерек тіркелген

Oinet.kz 31-10-2019 1106

image.png

Қазан айында Ақтөбе облысының аумағында табиғатты күзету заңнамасын бұзу бойынша 206 дерек тіркелген. Сонымен қатар, 192 дерек бойынша жалпы құны 1 070 600 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.  

"Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу - 75 жағдай, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу - 85, өсімдіктер дүниесін пайдалану талаптарын бұзу - екі жағдай анықталды. Аңшылық қаруды тасымалдау ережелерін бұзу - 23, табиғат қорғау заңнамасын өзге де бұзушылықтар - 21 жағдай. Аталған кезеңде төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның екеуі - ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау"), екеуі - ҚР ҚК 337 - бабы "Заңсыз аң аулау", - деді полицейлер. 

Сондай-ақ, 19 киіктің денесі, екі дана киік мүйізі, қоян денесі, екі резеңке қайық, төрт көлік құралы, 1191 келі заңсыз ауланған балық, 1100 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торы, 38 дана құқық бұзушылық жасау құралы, оның ішінде бес дана тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы және бес оқ табылды.

Нұр-Сұлтандық 63 кәсіпкер мемлекеттік грант жеңіп алды
Қазақстанда құмар ойынның құрығына 350 мыңдай адам кіріп кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу