Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ғаламшарда ең ұзақ өмір сүрген, этникалық қазақ Тәнзилә Бисембееваны туған ауылы Астрахан облысы Краснояр ауданы Алча кентінде жерледі. 2016 жылдан бастап ол ресми түрде ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанды. Бұл туралы Ресейдің Рекордтар кітабында айтылған, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Тәнзилә Насиханқызы жарты жылдан кейін 125 жасқа толушы еді.
«Ол еш қиналмай өмірден озды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға кенттің барлық тұрғындары келді», - деп хабарлады Краснояр аудандық «РГ» басшысы Нұрғали Байтеміров.
Тәнзилә Бисембеева бірқатар тарихи оқиғалардың куәгері болған: револицияны, Екінші дүниежүзілік соғысты, СССР-дың құлағанын көрді. Ол отбасындағы сегіз баланың тұңғышы еді. Тәнзилә Бисембееваның үш ұлы, он немересі, 25 шөбересі және екі шөпшегі бар.