Елордада көпфункционалды туристік аудан пайда болады
Нұр-Сұлтанда туристік орам пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ellington Properties Development LLC» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томаспен елордада көпфункционалды туристік ауданның құрылысын талқыладық. Аумақта демалыс, ойын-сауық орталықтарын, туризм нысандарын, қонақ үй кешендерін ашуды жоспарлап отырмыз. Қалада туристік орам пайда болады деп айтуға да болады», - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.