Өмір бойы бас бостандығынан айрылған педофил бостандықта жүр
АҚШ-тың Джорджия штатында бала зорлады деген айыппен өмірбақи бас бостандығынан айырылған ер адам қателік салдарынан бостандыққа шықты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
25 қазанда Джорджия штатына қарасты түзету мекемесі сотталушы Тони Майкон Мунос-Мендестің (Tony Maycon Munoz-Mendez) "қателік салдарынан бостандыққа шыққанын" хабарлаған. Ол жазасын Рейдсвилл қаласындағы түрмеде өтеп жатыпты.
Қылмыскер 2010, 2012 жылдары балаларға азғындық жасап, зорлағаны үшін темір торға тоғытылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары 31 жастағы қылмыскерді іздеп жатқаны белгілі.