Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан 124 жер учаскесін сатып алуға 9,4 млрд теңге бөлуін тапсыруды сұрады, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
«Қазіргі уақытта Үкіметтің қолдауының арқасында қалада 3 жол айрығының құрылысы жалғасуда (Сейфуллин даңғылы - Жансүгірова көшесі, Рысқұлов даңғылы - Емцова көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа тас жолы) және 3 көшені ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Бізге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен 28,6 млрд теңге қажет. Үкімет 2020 жылға жол айырығының құрылысы мен көшені ұзарту жұмыстарына 17,2 млрд теңге бөліп отыр. Сонымен қатар, жол түсетін жер учаскесін сатып алу мәселелерін алдын-ала шешуге тиіспіз. Осыған байланысты, сізден Қаржы министрлігіне 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік циклды нақтылау кезінде 124 жер учаскесін сатып алуға 9,4 млрд теңге бөлуін тапсыруды сұраймын»,- деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Айтуынша, егер 2021 жылға дейін қаладағы тиісті жерді сатып алынбаса, онда көшелердегі құрылыс жұмыстары тағы да тоқтап қалуы мүмкін.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 24 миллиард теңге қарастырлғанын , оның 11 миллиарды жолдарды қалпына келтіруге бөлінгенін атап өтті.
Министрдің айтуынша, Алматыда метро стансасының құрылысы жалғасуда, жолаушылар көлігі жаңартылып жатыр. Халықаралық авиациялық хабты дамыту жоспарда. Жол желісінің ұзындығы - 3023 шақырымды құрайды. Оның 75% -ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
«Биыл біз Рысқұлов пен Құлжа тас жолындағы жол айрығының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Төрт жол жобасы бойынша 256 жер учаскесін сатып алуға 12,5 млрд теңге бөлінді. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте 12,7 млрд теңге қарастырылған, оның 9,5 млрд теңгесі автокөлік жолдарын салу мен қайта қалпына келтіруге жұмсалады. Ал жер учаскелерін сатып алу үшін 3,1 млрд теңге қарастырылған. Метро құрылысы жалғасуда. Оған республикалық бюджеттен 17,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 12 млрд теңгесі Сарыарқа мен Достық стансасының құрылысына бағытталған және 5,4 млрд теңге вагондарға бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда», - деді Бақытжан Сағынтаев.