Смартфон арқылы ерекше әдіспен ақша ұрлайтын алаяқтар пайда болды

Oinet.kz 23-10-2019 949

Картинки по запросу Алаяқ

Алаяқтар смартфонды сырттай басқару бағдарламасы арқылы банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты-, деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.  

Олар телефон иесіне гаджетті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны бастыруға сендіреді. Мамандардың айтуынша, айына соның көмегімен жеке тұлғалалардан мыңнан аса ақша шығару операциялары жүргізілген.  

"Айына орташа есеппен ірі банк үшін алтыдан он миллион рубльге дейін шығарып отырған", - дейді кибершабуылдарға тойтарыс беретін Group-IB компаниясының директоры Илья Сачков.  

Бұған дейін, кибералаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін сайттардың дубликатын жасағанын айтады. Дер кезінде Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының егіздері анықталып, бұғатталған. Фишинг сайттарда қолданушыларға телефон нөмірі мен парольді теруді сұрайтын болған. Ары қарай SMS-код теру арқылы қолданушы өз есепшоттарын алаяқтарға ашып беретін болған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Түркістанда «ақылды» бейнекамералар орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу