Қазақстанда ластаушы заттардың дерекқоры жасалмақ

Oinet.kz 16-10-2019 894

Похожее изображение

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inform.kz.

«Осы Хаттамаға қосылу мақсаты Орхус конвенциясының ережелерімен негізделген. Ауаға шығарылатын, су мен топыраққа төгілетін қауіпті химиялық заттар мен ластағыштардың жыл сайынғы көлемдерін, өнеркәсіптік және басқа да объектілерден алынатын қалдықтар ақпаратын жинау, өндеу үшін кадастрлар немесе Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелім жүйесін біртіндеп енгізу жөнінде шаралар қолдануға міндеттіміз. Бұл тіркелім «ауаға, табиғатқа қай нысандар ластаушы, қауіпті химиялық заттарды шығарып жатыр?» және «қай уақыт аралығында қандай көлемде шығарылады?» деген сұрақтарға толық ақпарат беретін болады», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. 

Белгілі болғандай, 2018 жылы Қазақстанда ластаушы заттардың жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құраған. 

Қазіргі танда халықтың экологиялық жағдайға қызығушылығының өсуіне байланысты, біздің елімізде қоршаған ортаның жай-күйі туралы халықты уақтылы хабардар ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі AirKz мобильдік қосымшасы іске қосылып, облыс әкімдіктері жұртшылықты ақпараттандыру үшін.

LED-экрандар орнату бойынша жұмыс жүргізуде. Осы LED-экрандарда ауаның сапасы туралы мәлімет беріліп жатыр. Сонымен қатар, аталған ақпарат біріктірілген сипатқа ие. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі сияқты құралдардың болуы - халыққа, кәсіпорындар шығарып жатқан зиянды заттар бойынша деректерді ұсынуға мүмкіндік береді», - деді М. Мырзағалиев. 

Осы аталған Тіркелім хаттамасы 64 қызмет түрін және 86 ластаушы заттарды қамтиды. Аталған 64 қызмет түрінің Қазақстанда 32 түрі және оған жататын 26 ластаушы заттар қамтылады. 

«Осы Тіркелімді цифрландыру мақсатында ЮНИТАР (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) қолдауымен 10 миллион теңгеге гранттық қаражат алынып, веб-портал әзірленді. Оны Залалды заттардың шығарылу және тасымалдау тіркелімі деректерімен толықтыру жүргізілді (100 кәсіпорын). Тіркелім веб-порталы тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Келешекте осы Тіркелім порталын Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесі аясында басқа да ақпараттық жүйелермен өзара интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Министрліктің ведомстволық ұйымымен әзірленген Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімінің веб-порталы келесі жылы пайдалануға беріледі», - деді ведомство басшысы.


Өзбекстан азаматын өлтіріп, дүкендерді тонап жүрген қазақ жігіттері ұсталды
Түркістан: Қалалық емхана дәрігерлеріне адалдық құндылығы дәріптелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу