Президент баспананы қолжетімді етудің тиімді жолдарын айтты

Oinet.kz 16-10-2019 1748

Картинки по запросу ТоқаевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада экономикалық мәселелер жөніндегі кеңес өтті. Президент бірқатар кеңес айтып, тапсырма берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әрбір қазақстандық пәтерді жалға немесе сатып алу мүмкіндігі мен шарттарын анық түсінуі тиіс. Бұл үшін баспананың қолжетімділігіне қатысты шарттарды анықтау керек. Құрылыстың өзіндік құнын жүйелі түрде төмендетіп, көппәтерлі және жеке баспананың аражігін ажыратып, пәтерді жалға беру нарығын реттеу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баспана жайы елдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет баспананы қолжетімді ете түсу үшін бірқатар бағдарламаны іске қосты. Оған сәйкес, кейбір тұрғындар жалға берілетін пәтерге ие болады немесе пәтерді жеңілдікпен сатып алады.

Ақордада өткен отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы мен әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Криштиану Роналду: «Мені осындай деңгейге жеткізгендеріңізге көп рақмет»
Түркістан қаласында "Ясауитану-2019" Халықаралық байқауының іріктеу кезеңі басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу