Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алматыда жылу маусымы берілетін шақта құбыр жарылды. Құбырдан тоқтаусыз аққан қайнаған су көшені жайлап, бірнеше жүргізуші шала күйген, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай салдарынан 30 көпқабатты, 90 жер үй және 100-ден астам әкімшілік ғимарат ыстық судан ажыратылды. Ал жылу маусымына «сақадай-саймыз» деген жауаптылар қалада әбден тозығы жеткен құбырлар өте көп екенін мойындап отыр.
Бөкейханов көшесіндегі апат түскі сағат 12 шамасында болған. Жылу магистралінің жарылуы көліктердің қозғалысын тежеп, жүргізушілерді әбден тығырыққа тіреді. Көлік ағылған тас жолды лезде ыстық су басты. Құбырдан тоқтаусыз аққан су айналаны әп-сәтте көлге айналдырды. Апат орны қоршалып, мамандар су сору жұмыстарына кірісіп кеткен.
Жылу құбыры жарылғанда көше бойындағы үш көлік дер кезінде шыға алмаған. Салдарынан бірнеше жүргізуші ыстық суға күйіп қалған. Төтенше жағдайдан зардап шеккендердің бірі – Максим. Будақтаған будан жүргізушінің аяқ-қолы шала күйген. Абдырап қалған ол көлігінің төбесіне шығып, көмек күткенін айтады. Жолды су жайлай бастағанда кептелістен қашып үлгермепті.