Нұр-Сұлтанда балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен 20 жасар әйел қолға түсті

Oinet.kz 15-10-2019 1001

Картинки по запросу балалар арбасы

20 жастағы елорда тұрғыны ата-аналардың назарын ала беріп, балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен. Белгілі болғаны ұрлық жасағаны үшін қолға түскен жас әйел бұрын істі болған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Негізінен күндізгі уақытта арам пиғылын жүзеге асырған. Тұрғындардың күдігін туғызбаған ол ашық қалған подъездерге кіріп, төменгі қабатта тұрған балалар арбасын алып шығып отырған. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше қолға түскен азаматшаның бұл қылығы алғашқы рет емес. Қазіргі уақытта екі ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр. Азаматшаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен тұрғындар болса Бейбітшілік көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы ПД : 8 (7172) 71-60-69 немесе «102» бойынша хабарласуға болады. 

Қоғамдық орындар мен үй подъездерінен азаматтардың жеке мүлігінің қолды болуының негізгі себебі қараусыз қалдырудан. Елордалық полиция азаматтарға өз жеке мүліктерінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды ұсынады. Жеке мүліктерін аулада, подъездер мен үйге кіреберістерде, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауды және мүліктерді арнайы сақтау үшін жабдықталған орындарға қоюды сұрайды.

Жолдау жастар арасында зор қызығушылық тудырды
Фестиваль таңғы жаттығудан басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу