Экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа неліктен ерте шыққаны белгілі болды

Oinet.kz 11-10-2019 7792

Картинки по запросу қуандық бишимбаев

Экс-минситр Қуандық Бишімбаев мемлекет басшысына кешірім хат жолдаған. 2019 жылғы 25 қыркүйекте Шымкент қаласы Абай аудандық сотында Қуандық Бишімбаевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қаралған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Бишімбаев мемлекет басшысына кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінген болатын. Сөйтіп, 2019 жылдың ақпан айында Бишімбаевқа тағайындалған жазаны азайту арқылы өтінішхат қанағаттандырылған еді. 

"Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталушының сипаттамасы, талап арызды өтеу, кінәсін мойындау және бас бостандығынан айыру жазасын одан әрі өтеудің қажеті жоқ екендігін көрсететін басқа жағдайлар ескеріледі. Бұрынғы министр өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот берген талап арыз қайтарылды. Жазасын өтеу кезінде Бишімбаевтың мінездемелік сипатына оң баға берілген және ол мәдени-бұқаралық шараларға белсенді түрде қатысқан", - делінген ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының абақтыдағы мінез-құлқы, кінәсін толық мойындауы сынды бас бостандығынан айыруды қажет етпейтінін көрсететін жағдайлар ескеріледі.

Жазаның өтелмеген қалған мерзімінде ол пробациялық бақылауда болады.

Қазақстан-Белгия арасында өтетін матчта литвалықтар төрелік етеді
Конгода президент әкімшілігінің қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу