10 жылға сотталды деген экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Oinet.kz 11-10-2019 3444

Картинки по запросу Бишімбаев

1 миллиард теңге қаржы жымқырып, бірнеше адамнан пара алған экс-министрдің бостандыққа шығуына байланысты мән-жайлар анықталуда. Сот әзірге оның қандай жағдайда босатылғаны туралы мәлімет берген жоқ, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат 2017 жылдың 10 қаңтарында пайда болды. Аса шулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 23 адамның ісі қаралған, оның ішінде экс-министрдің бір бауыры болған. Бір кездегі жоғары лауазымды шенеунік Қызылордада шыны зауытының құрылысы кезінде 1 миллиард теңге жымқырды және бірнеше рет пара алу дерегі бойынша айыпты деп танылды.

2018 жылдың наурызында ол 10 жылға сотталды. Сол жылдың желтоқсанында Бишімбаев қоныс-колониясына ауыстыру туралы өтініш берді. Бірақ сот өтінішті ішінара қанағаттандырған – 2019 жылдың қаңтарында ол жазасын өтеуге Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 мекемесіне ауыстырылған болатын.

Ойын-сауық орталығында теракт жасамақшы болған қылмыскер ұсталды
Баян Алагөзова салмағы 105 келі ақтөбелік қызды жұлдыз қылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу