Рашид Аюпов: «Қолөнершілер орталығын» халықаралық деңгейге көтерсек деген ой бар»

Oinet.kz 01-09-2019 803

Screenshot_5.jpg

Жақында Түркістан қаласына Рашид Аюпов әкім болып тағайындалған болатын. Жаңа қала әкімі Түркістанның логотипін өзгертіп, турзим саласын жандандыруға кірісті. Қазіргі таңда қалда туризм саласының ілгерілеуінде көптеген өзгерістер орын алуда. Күні кеше қала әкім журналистермен болған кездесуде Түркістан туризміне қатысты жоспарларымен бөлісті:

– Сингапур қаласын көп зерттедім. Кішкентай ғана қалашық.  Ерекше етіп айтар ештеңе жоқ, тіпті ішетін суы да жоқ. Бірақ, бүгінде өте үлкен дәрежеге жетті, әлемнің дамыған 10 мемлекетінің қатарына енеді. Сол кішкентай қалаға бір жылда 160 миллион турист келіп кетеді екен. Соншалықты жүйені ойластырып, қалыптастырып қойған. Қанша адам келсе де орын, қала көшелерінде көлік кептелісі деген мүлдем болмайды. Қауіпсіздік, басқа да жағынан ешқандай проблема жоқ. Сол үшін бізге жобалық басқару жүйесін енгізу керек. Ол бойынша әрбір студентіміз, жастарымыз дайын болуы тиіс. Міне осы бағытта да  жоспарымыз бар және сол бойынша жұмыс атқарудамыз. 

Қаладағы Шығыс базары Түркістанның мәдени және демалыс орталықтары аймағында орналасатын болады. Қазір жобаны егжей-тегжейлі жоспарлау,  инвесторлар тарту жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек, «Қолөнершілер орталығын» мүкіндігінше, халықаралық деңгейге көтерсек деген ой бар. Өйткені жәй ғана құмыра, кесе, пиала жасаңдар десек, сол деңгейде қалып қоямыз. Бізге жаңа технологиялар, жаңа білім,  жаңа ғылым керек. Сондықтан да сырттан да мамандар шақырып жатырмыз. Ол бойынша да келіссөздер жүргізілуде. Жалпы ол жерде кез келген нысанның коммерциялық мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Ол жерде біріншіден, келген туристерге қолдан жасап жатқан бұйымдарымызды көрсетеміз. Қызығады ғой. Бес доллар төлесе жасап көрсетеді. Туристер үшін бес доллар көп емес. Бірақ, мыңдаған адам келетін болса, әжептеуір табыс көзіне айналады. Екіншіден,  қолөнерді  үйренгісі келетіндерге осы жердегі оқу орнына түсуді ұсынамыз. Оқығысы, үйренгісі келетіндердің аз болмайтыны анық. Біз мектеп оқушыларын әкеліп, көрсетіп тұру жолдарын қарастыратын жоспар құрып жатырмыз. Әдемі заттың жасалып жатқанын көрсе, мүмкін олардың арасынан қолөнерді қалағандар, қабілеті барлар табылар. Ол да жаңа айтып өткеніміздей креативтік индустрия! Жаңа бір нәрсе ойлап тауып жатса тіпті тамаша! - деді қала әкімі. 

Рашид Аюпов: «Қазір дамып келе жатқан туристік бағыт – креативтік индустрия»
Тайқазанға Австралиядан келген туристер қызығушылық танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу