ІІМ: Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген

Oinet.kz 10-05-2026

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп” жасау және видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп отыр.

Screenshot_2.png

Мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіріп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар — Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу жазу, оларды зақымдау – заң бұзушылыққа жатады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

МВД: За порчу природных и исторических объектов предусмотрена уголовная ответственность
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу