Қазақстанда 20,8 млн тонна астық бастырылды

Oinet.kz 06-10-2025 38

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. 

Screenshot_5.jpg

Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Шымкентте бюджеттің өз кірістерін арттыру мәселелері талқыланды
20,8 млн тонн зерновых намолочено в Казахстане
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу