Жаңа егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

Oinet.kz 03-10-2025 9

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 1–31 қыркүйек аралығында жаңа егін астығын тасымалдау көлемі 1,3 млн тоннадан асқан, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық (1053 мың тонна).

1000484265.jpg

Оның ішінде 318 мың тонна астық ішкі нарықтарға, ал (2024 жыл — 186 мың тонна), 1029 мың тонна экспортқа шығарылды (2024 — 867 мың тонна). Өсу қарқыны 19%-ды құрады.

Мұндай оң көрсеткіштер көрші елдерде де сақталуда: мәселен, Өзбекстан — 50%-(450 мың тонна), Тәжікстан — 16%-ға (161 мың тонна), Қырғызстан — 4,6 есе (32 мың тонна), Әзірбайжан— 60 есе (18 мың тонна) өсуге қол жеткізді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сала өкілдерін қолдау, экспорттық бағытты күшейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында кешенді шаралар легін жалғастыруда.

Цифровая трансформация как приоритет стратегического развития Казахстана
Экспорт зерна нового урожая превысил 1 млн тонн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу