Ескі қалашық шаһардың негізгі археологиялық орындарының бірі

Oinet.kz 23-09-2025 33

Шымкент қаласы – миллионнан астам халқы бар, көне ескерткіштер мен заманауи сәулеті жарасым тапқан рухы берік шаһар. Қала аймағынан ежелгі қоныстарды, қорғандар мен кесенелерді көптеп көруге болады. 

Screenshot_16.jpg

Шаһарға келген туристер осы тарихи орындарды көріп, тарихын білуге құмарта түсетіні тағы бар. 

Жалпы Шымкенттегі көне қала талай жылдан бері отандық және шетел тарихшылары мен археологтардың назарын өзіне ауданып келеді. Оның тарихын Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің біріккен экспедициясы жүргізген қазба жұмыстарының арқасында Шымкент қаласының құрылу кезеңі 2200 жылдан асқаны дәлелденді. Мұндағы ежелгі қалашықтағы мәдени қабаттардың қалыңдығы 14 метрден асады.

Тарихшылардың айтуынша, Шымкент көне қала, оның бастауы біздің заманымыздан бұрынғы 3-2 ғасырларға жатады. Мұны археологтар мәдени қабаттардың ең төменгі қабатынан тапқан керамикалық ыдыстардың сынықтарына қарап болжап отыр. Мәселен, тарихшы, академик Бауыржан Байтанаевтың айтуынша, бұл жер топологиялық тұрғыдан платформасы бар археологиялық ескерткіштің «төбе» түріне жатады, бұл жерде бұдан 2000 жыл бұрын елді мекеннің болғанын көрсетеді.

– Бұл қалашықты қазу кезінде қалың қабырғалары бар үлкен зал және оның жанында сүйектері бар 30-ға жуық «хұм» бар от шұңқыры табылды. 2 ғасырда Қарахандар дәуірінде археологтар мен тарихшыларға белгісіз себептермен адамдар бұл қонысты тастап кеткен. Содан Тимуридтер келіп, өз құрылыстарын тұрғызды. Тек 19 ғасырда бекініс қоқандықтар басып алғаннан кейін төбе мен оның платформасы цитадельге айналды. 1864 жылы патша генералы Михаил Черняевтің әскерлері осы жерге орналасып, цитадельді редутқа айналдырды. Бұл жерде қазба жұмыстары жалғасуда, сондықтан бұдан да сирек және көне жәдігерлер табылуы мүмкін,  – дейді Б.Байтанаев.

Атап өтерлігі, қазірдің өзінде табылған артефактілер ғалымдарға елді мекенде айтарлықтай ауқатты адамдар тұрған деп болжауға мүмкіндік береді. «Бұл жерден үлкен тұрғын үйлер табылды, бұл шаруашылықтардың ауқатты, бай тұрғындарға тиесілі екенін көрсетеді. Сондай-ақ қазба жұмыстары кезінде Шайбанидтер дәуірі мен Қоқан хандығының теңгелері табылды», дейді тарихшы және археолог Александр Грищенко.

Шымкент қалашығы үш бөліктен тұрады, яғни, рабад, шахристан және цитадель. Жалпы аумағы шамамен 5 гектар. Цитадель төбеде тұр және оның сыртқы қорғаныс қабырғалары саз балшықтан қаланған. Оның жеті мұнарасы және бір кіреберіс қақпасы болды. Онда билеушінің сарайы, қолбасшының үйі, мешіт, казарма, қоймалар орналасқан. Цитадельден алыс емес жерде базар алаңы орналасса, ол арадан керуендер Түркістан, Ташкент, Әулиеата, Сайрамға баратын жолдар тарады. Ал Шахристан қорғаныс дуалдарымен қоршалған, қаланың солтүстік және шығыс бөліктерінде Қошқарата өзенінің қазіргі ағысымен өтетін. Олар мұнаралардың қалдықтарымен бірге биіктігі 1,5-2 метрлік топырақ қамал ретінде осы күнге дейін сақталған.

Бұл жердің тарихын зерттеуге көп жылын арнаған Бауыржан Байтанаевтың айтуынша, төбеге іргелес жатқан тұрғын ауданда төбесі жалпақ, терезелері жоқ, кірпіштен қаланған бір қабатты үйлер болған. Негізінен мұнда халық тығыз қоныстанған екен. «Қаланы жақсы күтіп ұсталды деп айту қиын, бірақ 19 ғасырдың екінші жартысында жасалған сызбаларға қарағанда қала аулаларында бау-бақшалар, тұт ағаштары болған. Рабадтардың шекарасы белгіленбеген, әдетте ағаш қабырғалармен қоршалған», - деп түсіндіреді Б.Байтанаев.

Шымкент қаласының орталығындағы бұл тарихи орын көпке дейін қараусыз қалды. Бірақ 2017 жылы шымкенттік билік көне қонысты қалпына келтіру және оның орнында ашық аспан астындағы мұражай құру бойынша үлкен жобаны қолға алу туралы шешім қабылдады. Тарихшылар, археологтар мен реставраторлар цитадельдің бастапқы келбетін қалпына келтіріп қана қоймай, жергілікті билікке де сол жерде салынған заманауи тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттардың, сондай-ақ базардың аумағын тазартуға тура келді. 

Орыс қоныстанушылары мен суретшілері Василий Верещагин мен Дмитрий Вележев қалдырған сызбалар мен эскиздер ғимараттардың, шын мәнінде цитадельдің өзін қалпына келтіруге көмектесті. Ресейдің әскери тарих мұрағатында генерал Черняев әскери гарнизоны тұрған кездегі бекіністің топографиялық түсірілімдері мен сызбалары сақталған. Осының барлығы көптеген ғасырлар бұрынғы көне қоныстың өмірін қайта құруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда туристер мен мегаполиске келушілер әртүрлі тарихи дәуірлерге еніп, тарихты қозғай алады.

Ғимараттардың бастапқы схемасы, цитадель қабырғаларының бойындағы мұнаралар, үйлері мен көшелері бар тұрғын үй кварталы, керуен сарай ішінара қайта жаңғыртылды. Ертеде қоршау кезінде су жиналатын жасанды су қоймасы да қалпына келтірілді.

Сондай-ақ туристер бір кездері жаулардан пана ретінде жасалған «Махаббат мұнарасына» көтеріле алады. Содан кейін олар «Үміт баспалдақтарынан» жер асты өткеліне және катакомбаларға түсе алады. Бақылау алаңынан қазіргі Шымкентті құстың көзімен тамашалауға болады. Ескі қалашықтағы қалпына келтіру жұмыстары бүгінгі күнге дейін жалғасуда, дегенмен бұл орын қаланың негізгі археологиялық орындарының бірі болып табылады.

Ескі қалашық шаһардың негізгі археологиялық орындарының бірі 

Шымкент қаласы – миллионнан астам халқы бар, көне ескерткіштер мен заманауи сәулеті жарасым тапқан рухы берік шаһар. Қала аймағынан ежелгі қоныстарды, қорғандар мен кесенелерді көптеп көруге болады. Шаһарға келген туристер осы тарихи орындарды көріп, тарихын білуге құмарта түсетіні тағы бар. 

Туристерді қызықтырған Қараханидттер моншасы, Сайрам қақпасы мен Шахристан қорғаны
Отанды қорғау – әр жастың азаматтық парызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу