Халықтың жаны – оның салт-дәстүрінде

Oinet.kz 17-09-2025 49

«Әдет-ғұрыпсыз халық бола ма? Ел бола ма?» – деген сұрақ ұлттық болмыс пен рухани тіршілігіміздің мәнін тереңнен қозғайды. Расында, халықтың танымы мен тіршілігі әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы қалыптасады. 

Screenshot_16.jpg

Олар ұлттың өзіндік «кодын» – табиғи болмысын, дүниетанымын, мінез-құлқын айқындайды.  Әуезов университетінің абайтанушы ғалымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек ұлттық рух хақында зерттеулер жүргізіп жүрген ғалым. Оның «Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» кітабы да жарық көрген.

– Біздің әдет-ғұрпымыздың үш қайнар көзі бар. Бірі - тума, өзіміздікі, қазақтыкі. Екіншісі - діни, мұсылмандық. Үшіншісі- әлемдік, өркениеттік. Ұлттық әдет-ғұрып, әр ұлттың өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана жарамды болмақ. Біздің ішкі күйіміз келмей, сыртқы күйіміз келмейді. Ішкі күйдің ұясы, ұйытқысы отбасы. ошақ қасы. Отбасы, ошақ қасының билеуші патшасы әйел, ана. Ал, Ел патшасы, жер патшасы еркек кіндік ұл. Ұлдың жөні бөлек. Оларға айтылар сөз, артылар жүк зіл батпан ауыр. Біздің Елдігімізді іске асырар солар. Осы әдет-ғұрып үлгілерін жастарымыздың бойына сіңіретін - біз, өзіміз. Ол үшін сол әдет-ғұрып үлгісіне өзіміз сай болуымыз керек. Әйтпесе, халқымыздың заманына сай туған көсемі Ахмет Байтұрсынов айтпақшы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын». Осы бізге бағыт-бағдар болмақ. Жас ұрпақ алдыңғылар не үлгі көрсетсе, соны істейді. Олар ойдан құрап, үлгі-өнеге алмайды. Сондықтан, біздің жұртымыз бұны мықтап ойлануы керек, - дейді ғалым. 

Шынтуайтында дәстүр – шекара емес, тамыр. Ол тек өткеннің сарқыншағы емес, болашақтың іргетасы. Ұлттық болмысты сақтау – әр ұрпақтың қасиетті парызы. Ұлт тәрбиесі салт-дәстүрмен сабақтасып жатса ғана, рухы биік ел боламыз. Бұл ойды ғалымның сөзімен тұжырымдасақ.

– Енді әлемдік, өркениеттік әдет-ғұрып туралы айтайық. Әлемдік, өркениеттік әдет-ғұрып бізге қатты керек. Өйткені, ұлт тек өз қазанында қайнай берсе, дамымайды. Біз бүркеніп жатқан жабайы ел емеспіз. Әлемнен бөлініп, көштен қалған жұрт емеспіз. Біздің әлемге бергеніміз көп, одан аларымы-зда жетерлік. Бүкіл әлеммен ашық қарым-қатынасқа түсетін елміз. Біздің қарым-қатынасымыз: саяси, экономикалық, технологиялық, менталитеттік қарым-қатынас. Бұның бір не-гізгі шарты бар. Ол: әлемдік, өркениеттік әдет-ғұрып біздің ұлттық һәм діни әдет ғұрпымызға қайшы келмеуі керек. Әлеммен қарым-қатынас оның соңынан ессіз еру деген сөз емес. Ерме ел-жұрт есті, еңселі, емін-еркін ел бола алмай-ды. Біздің ата-бабаларымыздың салған жолы осы болған.

Ұлы тұлғаның мұраларын ұлықтаған орталық
Бесік жырын айтатын аналар азайған жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу