Көлік-логистика саласын жетілдіру – жаһандық нарыққа шығудың басты тетігі

Oinet.kz 25-09-2025 77

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. 

Screenshot_2.jpg

Соңғы жылдары Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші.

Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері бұдан да кең. «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей шығуға болады. Ал «Шығыс – Батыс» бағыты мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында еліміз Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретінде одан әрі маңызды рөл атқармақ.

Президент жол салу мен жөндеуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінде 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жаңартылып жатыр. Әсіресе, «Сексеуіл–Бейнеу» жолының құрылысын жеделдету қажет. Бұл бағыт іске қосылған жағдайда, Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу мерзімі үштен бірге қысқарады.

Көлік-логистика – тек инфрақұрылым емес, ол – экономиканың күретамыры. Қазақстан үшін бұл – инвестиция, жұмыс орындары және жаһандық нарықпен терең интеграцияға апарар жол.

Айта кетейік, көлік пен логистика – кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының басты тіректерінің бірі. Өндірілген өнімнің тұтынушыға уақытылы жетуі, халықаралық сауда байланыстарының дамуы және аймақаралық қарым-қатынастың нығаюы осы саланың деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан көлік-логистика жүйесін жетілдіру – елдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы стратегиялық бағыт.

Қазақстан географиялық орналасуы жағынан Еуразия құрлығының қақ ортасында, Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын маңызды көлік дәлізінде тұр. Осы артықшылықты тиімді пайдалану үшін заманауи жолдар, теміржол инфрақұрылымы, әуе және теңіз қатынастарын дамыту қажет. Бұл тек транзиттік әлеуетті күшейтіп қана қоймай, елімізді халықаралық саудада маңызды хабқа айналдырады.

Строительство и реконструкция дорог в области
Ақмола облысында өнеркәсіп пен бизнес экономиканы ілгерілетуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу