Францияда «Шымкент қаласының күндері» өтіп жатыр

Oinet.kz 10-04-2025 374

Қазақстан мен Франция арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту аясында 2025 жылғы 6 ақпанда бекітілген Жол картасының 7-тармағына сәйкес Францияда «Шымкент қаласының күндері» атты мәдени-іскерлік іс-шара өтіп жатыр.

Screenshot_18.jpg

Іс-шараның мақсаты – Шымкент пен Франция арасындағы бизнес, туризм, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы серіктестік әлеуетті кеңейту. Осы бағытта өткізілген шара аясында француз жұртшылығына қазақ халқының ұлттық тағамдары, дәстүрлі киім үлгілері, зергерлік бұйымдары мен қолөнер туындылары кеңінен таныстырылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының экономикалық және туристік мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік серіктестерге әлеуетті жобалар ұсынылды.

Шымкент қаласының мәдени-іскерлік күндері Францияда – екі ел арасындағы мәдениет, экономика, және дипломатиялық қатынастарды дамытуға, мәдени алмасуды қалыптастыруға, және Шымкенттің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға зор ықпал етеді.

Жеңіс жолын жақындатқан қаһарман
Шымкентте студенттік құрылыс отрядтары қайта жаңғырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу