"Кілт" аумағында сенбілік өтті

Oinet.kz 16-03-2025 21

14-23 наурыз аралығындағы “Наурызнама” онкүндігіне сәйкес “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен сенбілік өтті. 

Screenshot_4.jpg

Сенбілік жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан “Кілт” аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда қоқыстан тазарту, жолдың шеткі бөлігін сыпыру және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияға Әл-Фараби ауданы әкімдік аппараты, Шымкент қалалық экология департаменті, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасынан 150-ге жуық қызметкер, ардагерлер қатысты. 10 шақты техника жұмылдырылды.

Көгілдір көктем мен Наурыздың келуімен Жер ана да тазарып жатыр. Ұлттық мерекеге орайластырып ұйымдастырылған іс шарада “Кілт” аумағы тазарып, реттеле түсті.

Рамазан айында қайырымдылық шарасы өтті
Шымкентте “Таза қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу