«30 қайырымды іс» акциясы аясында көмек көрсетілді

Oinet.kz 12-03-2025 35

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының белсенділері 50-ге жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін таратты. 

Screenshot_4.jpg

Игі шара барысында көпбалалы және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері таратылды. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы Шымкенттік этномәдени бірлестіктердің бастамасымекн іске асуда. Акция аясында түрлі бағытты қамтыған игі істерді атқару көзделіп отыр. Бастамашы топ белсенділерінің айтуынша, аталған бастама елдің ішкі ынтымағын жарастырып, қасиетті айда өзара бауырмалдығын бекемдейді.

Өз кезегінде азық-түлік себетін алған азаматтар қайырлы іске астсалысқан азаматтарға ақеділ алғысын айтып, ризашылықтарын білдіруде. 

Алдағы уақытта мұндай қайырымдылықты мақсат тұтқан іс-шаралар жүйелі жалғасып, қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дамытуға септесері сөзсіз. 

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы Шымкентте 23 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде
Шымкентте көктемгі дезинсекциялық жұмыстар басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу