Шымкентте егіс жұмыстары қарқын алды

Oinet.kz 12-03-2025 38

Қала аумағында көктемгі егіс  науқаны басталды. Биыл 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары: дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2),  майлы дақылдар – 3,3 мың га,  мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі.

Screenshot_1.jpg

Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.  Сонымен қатар, 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.

Қаратауда 14 орынға ирригациялық арық салынады
Қысқа мерзімді оқыту – жаңа мүмкіндіктер алаңы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу