«Таза Қазақстан» Сарыағаш пен Сауранда жалғасуда

Oinet.kz 09-11-2024 48

30.jpg 

Президенттің тапсырмасы бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Сарыағаш ауданында да белсенді түрде ұйымдастырылуда.

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен ауданды көркейту, көгалдандыру, мақсатында Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағына күзгі көшет егу жұмыстары жүргізілді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданымызда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде. Осы тұста, бүгін отырғызылған ағаштар, оған қоса, алдыңғы мезгілдегі егілген ағаштар жасыл желек саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады, — деді аудан басшысы.

Игі шара барысында Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 100 түп бозарша, 100 түп қарағаш, 100 түп сән ағаштары отырғызылды. Игі шараға аудан басшысымен бірге қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер атсалысты.

Сенбілік жұмыстары аудан аумағында да жүргізілді. Шара барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойына тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 1200 адам қатысып, 3,6 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 18 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, ауданда әр апта сайын сенбілік шарасы өткізіліп келеді. Аталған жұмыстар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ал, Сауранда “Таза Қазақстан” республикалық шарасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды.

Биыл күзгі ағаш егу науқанында ауданның климатына сай келетін түрлі 25 мың түп ағаш егу жоспарлануда. Игі шараға Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Сауран ауданына 25 мың түп ағаш берілді. Оның 20 мың данасы қарағаш, 3 мың данасы шаған және 2 мың дана жеміс ағашы жерсіндірілмек.

Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы аудан тұрғындары қатысты. 5 бірлік техника, 130-ға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында арықтар қазылып, белгіленген аумаққа арнайы тал егілді. Ауданда күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, жасыл-желекке айналдыру жоспарлануда.

Айта кетейік, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.


«Golden Camel»-дің өнімдері Қытайға экспортталуда
Түркістан қаласы жолдарының қысқа дайындығы тексерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу