Түркістан әуежайын дамыту мәселесі талқыланды

Oinet.kz 06-11-2024 33

6.jpg 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов шетелдік компания өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқосуда Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және кіші авиацияны дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Түркістан облысында туризмді дамыту, облыс экономикасының әртүрлі салаларына инвестициялар тартуға қатысты ұсыныстар қарастырылды.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан халықаралық әуежайын дамыту жолдары қаралуда. Қаладағы туристік әлеуетті арттырып, өңірдің экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен пікірлер зерделенеді.


Шардара 4 бағытта дамитын болады
Түркістан өзін-өзі қаржыландыратын қалаға айналуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу