Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді

Oinet.kz 02-11-2024 105

Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. 

1000247246.jpg

Іске қосу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Мегаполис басшысы бұл жобаның энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор екенін атап өтті.

«Шымкент - қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, инвесторлар есебінен салынған қосалқы станция салынып жатқан жаңа тұрғын үйлерді және коммерциялық нысандарды тұрақты және сапалы электрмен қамтамасыз етеді. Станцияны қосу халық саны өсіп келе жатқан қаланың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етудегі басты қадам болмақ», - деді Ғ.Сыздықбеков.

Айта кетейік, бірінші кезеңде 5 221 абонент электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 5 057 жеке және 164 заңды тұлға. Алдағы уақытта қосалқы станция 7500-ден астам абонентті қосып, тұрғындар мен бизнестің сұранысын қамтитын болады.

Станция стратегиялық және экологиялық қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін озық технологиялар мен жабдықтар пайдаланылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Қайнарбулақ» подключён к природному газу после долгих ожиданий
Подстанция решит вопрос качественного электроснабжения целого массива
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу