Түркістан: Білім нысандарына жылу беру басталды

Oinet.kz 17-10-2024 20

4.jpg

Түркістан облысының білім нысандары қысқы жылыту науқанына толық дайын болуы тиіс. Бұл жұмыстарға аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары жауапты.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде  1 279 мемлекеттік білім нысанының 63-і орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы, 1 216-сы автономды жылыту қазандықтары арқылы жылытылады. Аталған білім нысандарының 100%-ы сығымдау жұмыстарынан өткізіліп, 1157-сінде жылу маусымына дайындық паспорты алынды. Ал қалған 122 нысанға осы апта ішінде алынады деп жоспарлануда. Жылыту маусымына дайындық мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста кеңінен талқыланды.

– Барлық білім нысаны жылыту маусымына толық дайын болуы керек. Балалардың қауіпсіздігі мен білім алуы – басты мәселе. Кемшілік жіберілген аудан, қала білім бөлімі басшыларының жауапкершілігі қатаң қаралады. Алдағы аппарат мәжілісінде аудан, қала әкімдері мен білім саласына жауапты басшылар тағы да есеп береді, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың айтуынша, облыстағы:

450 білім мекемесіне қажетті 82544,5 тонна қатты отын, 42 білім мекемесіне қажетті 2 399,2 тонна сұйық отын жеткізуші мердігер анықталып, жоспарға сәйкес қажетті отын көлемі қойма сыйымдылығана қарай толығымен  тасымалданды. 720 білім беру нысаны табиғи газ арқылы, 4 білім беру мекемесі электр энергиясы арқылы жылытылады. Облыстағы 107 білім беру мекемелерінің жылу жүйесін табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, оған білім саласынан үнемделген бюджет қаржысы есебінен 2,2 млрд. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Табиғи газға ауыстырылып жатқан 107 білім беру ұйымының қатты отынмен жылытылатын 1 қазандығы қалдырылып, қатты отынмен толық қамтамасыз етілген. Жылу беруге толығымен әзірленген.

Сонымен қатар күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен 30-ға жуық білім беру ұйымының жылу жүйелері жаңартылды. Өңірдегі 6 аудан, қалада жылу беру маусымы 15 қазаннан басталды.


Түркістанда «Жасыл белдеу» ұлғаяды
«AGROFEST TÚRKISTAN» шарасы биыл ерекше өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу