Қазақ-өзбек шекарасында «Жасыл дәліз» болады

Oinet.kz 03-10-2024 14

2.jpg 

Қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттері қайта жаңғыртылып, екі ел арасындағы барыс-келіс оңтайландырылады. 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағашқа арнайы іссапармен барып, аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге «Жібек жолы» кеден бекетін аралап, жауапты сала басшыларымен және Өзбекстан Республикасының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында екі мемлекеттің уәкілетті органдары шекараға келген автобустардың кезексіз өтуі, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, өткізу пунктін ретке келтіру бағытындағы жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстаннан кіру пунктінен тұрақты халықаралық бағыттар үшін автобус жолағын құру, құжаттық бақылауды автоматтандыру туралы ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.

Қазіргі уақытта көлік жолаушылары ортақ зал арқылы өтуде. Сондықтан «Жасыл дәліз» арқылы жолаушылардың көлікпен бірге шекара асуы қарастырылуда. Сонымен қатар екі ел шекарасынан өтетін жолаушылар ағымының көптігіне байланысты шекара қызметі офицерлерінің саны артпақ. Осы ретте, тасымалдаушылардың бірыңғай электрондық деректер базасы құрылады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті - Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі.


Отбасын қолдау орталықтары ана мен бала құқығын қорғайды
Қазығұрт: Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу