АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету

Oinet.kz 02-10-2024 71

Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету.

Screenshot_5.jpg

Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың пікірінің маңызын түсіндіру мақсатында «Бейнеу көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ МҚК-ның қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Басқосуда штаб төрағасы Назарбек Қадір 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. 

Өз кезегінде Ардақ Бораш мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы бар екендігін тілге тиек етсе, Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. 

Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеде халықтың таңдауы мен көзқарасын білу үшін нақты қадамға барып отырғандығы да айтылды. 

Кездесуге қатысушылар ойларын ортаға салып, АЭС құрылысының қауіпсіздігі мен тиімділігі төңірегіндегі қауіп, күмәндарын алдыға тартты. Штаб мүшелері барлық сұрақтарға өз деңгейінде жауап беріп, АЭС салу мәселесінде әрбір азамат өз пікірінше таңдау жасауға құқылы екендігін жеткізді.

Референдум – шанс для каждого казахстанца повлиять на решение, которое затронет будущее нашей страны
Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу