6 қазанда Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет етеді
Қала тұрғындарының назарына!
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады.
Аталмыш акция 2024 жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.