«Түркістан даусында» 18 үміткер бақ сынайды

Oinet.kz 25-09-2024 60

28.jpg 

Республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауының жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістанның өз қолтаңбасына айналған бұл сайыс биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр.  Ән додасына еліміздің барлық өңірінен 18 үміткер бақ сынауға келген. Олар алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, қаланың көрікті орындарын аралады. Содан соң Этноауылдағы үлкен киіз үйде ұлттық сусын мен бауырсақ ұсынылып, салт-дәстүр көріністері көрсетілді. Сыр сандықтан асық алып, реттік нөмірлерін анықтады. Қатысушылар өзара танысып, бір-бірлеріне сәттілік тіледі. Ауылдың алты ауызы ретінде ән шырқалып, дәстүрге сай бата берілді.

18-35 жас аралығындағы қатысушылар – эстрадалық жанрда ән шырқап жүрген, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, басқа да республикалық, ұлттық ән байқауларында жетістікке жеткен өнер иелері. Байқау мақсаты – шығармашыл, дарынды жастарды анықтау, олардың өнеріне қолдау көрсету, рухани және мәдени құндылықтар алмасу, қазақ музыкасын насихаттау.

Түркістан облысының мәдениет басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткелі жатқан байқау төрешілері мен кеш қонақтары: Маржан Арапбаева, Бағлан Омаров, Қайрат Баекенов, Мархаба Саби, Қайрат Мырзахан және Bytanat.

Түркі әлемінің туристік астанасына айналған киелі өңірдің рухани-туристік әлеуетін одан әрі танытатын байқау

қыркүйек айының 25-26 күндері сағат 18:00-де «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтеді.


«Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет»
Түркістан: Зоотехник нағыз қажет мамандық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу