Сайрамда жол белгілері жаңартылуда

Oinet.kz 21-09-2024 27

6.jpg 

Түркістан облысы Сайрам ауданында жол белгілерін жаңарпту жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуға және жаяу жүргіншілер жолағын сызуға жауапты «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі жұмыскерлері жол белгілерін оқушылар көп өтетін орындар мен мектеп маңына және көлік көп жүретін көшелерге орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар «Жаяу жүргінші өткелі», «Назар аударыңыз, балалар», «Жылдамдықты шектеу» атауларымен қолға алынған. Сондай-ақ, жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды кедергі қойылып, «зебра» көлденең сызбасы сызылуда.

Жалпы 11 ауылдық округінде аудандық маңызы бар жалпы ұзындығы 140 км және ішкі жолдар 951 км бойына жол белгілері қойылып, жаяу жүргіншілер жолағы сызылады. Аталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.


Созақ: Жедел жәрдем бекеті пайдалануға берілді
Түркістан: МӘМС-пен сақтандыру 86 пайызға жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу