Түркістанда кітап мерекесі өтті

Oinet.kz 21-09-2024 27

1.jpg

 Елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын  дәстүрлі «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтуде. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен,  Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен қолға алынған фестивальге Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы да қатысуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кітап мерекесін журналист, «Түркістан Медиа Холдинг» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Теология» факультетінің деканы, Досай Кенжетайұлы және  Мәдениет майталманы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық көрмелік іс-шаралар секторының меңгерушісі Пернекүл Нәлтаева ашып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған «Ғажайып кітап әлемі» атты шара барысында арнайы кітап көрмелері және инсталляциялар жасақталып, келушілер назарына ұсынылды.

Кітап фестивалі аясында жас ақын, журналист Бауыржан Ерманмен кездесу өтті. Сонымен қатар  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын қолдау мақсатында фестиваль қатысушылары мен қонақтары кітапхана қорына кітап табыстады. Кітап дүкендері тарапынан сатылымға түрлі туындылар шығарылды. Акция аясында кітапхана қорына 300-ге жуық кітап сыйға тартылды.

Шараның балаларға арналған бөлімі «АКА» шығармашылық орталығының өнерлі балаларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнерлі балаларға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хат табысталып, сыйлықтар ұсынылды.


Талпыныс тәжірибесі
Түркістан: Тұрғын үйлердің сапасы қатаң бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу