«Өнерлі өлке»: Кезек Төлеби ауданына келді

Oinet.kz 19-09-2024 68

28.jpg 

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Төлеби ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түркістан төріндегі екі күнге созылған шара гала-концертпен қорытындыланды.

Мерекелік шарада аудан өнерпаздарының әні шырқалып, мың бұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ көрермен арасында караоке ұйымдастырылып, кештің сәнін келтірді. Ерекше сәттің куәсі болған көрермен дән ризашылықтарын білдіріп, кештен қимай тарқасты.

Айта кетейік, Төлеби ауданының мәдениет күндері екі күн бойы жалғасты. Алғашқы күні Этноауылда «Қасиетті де, киелі қолөнерім» қолөнер шеберлерінің көрмесі, цирк жанрындағы қойылымдар, қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Айтбаевтың және суретші, өнертану ғылымдарының докторы Ділдабай Кемешовтың туындылары, қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаты (қағаздан себеттер жасау, кілемше тоқу, саздан құмыра жасау т.б) өтті. Бұдан бөлек, «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық көне салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сомдалды.

Ал екінші күні Этноауылда «Ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында қазақша күрес, аударыспақ, қошқар көтеру, гір көтеру, қол күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды т.б ойындарына жұртшылық белсене қатысты. «Өнерлі өлке» аудандық, қалалық саз мектебінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.


Мақтаарал: Оқушының қауіпсіздігі—басты назарда
Жүзім—Сарыағаштың бренді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу