Жолдау басым бағыттарды белгілеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуындағы басты басымдықтарды белгілеп берді. Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев әлеуметітк желідегі парақшасында осыған қатысты былай дейді:
-- Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды.
Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара.
Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. «Оңтүстік» АИО ЖШС-нен Төлеби ауданына «Кең дала» бағдарламасымен 1 жоба 20 000,0 мың.тг. несие берілді. (2023 жылы 44,3 млн.теңге несие берілген)
Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс.
Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ортақ жайылым көлемін ұлғайту бойынша ауданда 2021-2023 жылдары 22 мың 400 гектар жайылымдық жерлер аудандық қорға қайтарылды.
2024 жылы нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан және ортақ жайылым жердің көлемін 2 мың гектарға ұлғайту жоспарланып 950 гектар жер аудандық қорға қайтарылды.
Қазіргі таңда, мемлекеттік тіркеуден алынған және жойылған заңды тұлғалардың мақсатына сәйкес пайдаланылмаған 209,0 гектар жайылымдық жерлерді ауданның арнайы жер қорына алу туралы аудан әкімдігі тарапынан қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ ауданның өзекті мәселелер тізімінде: Алатау ауылдық округі бойынша мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жайылым жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Жаңажол ауылындағы 304 га жер мәселесі өзекті болып тұр.
Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. 2024 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 7,2 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып, 7 айдың қорытындысымен 839,6 млн.теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін жұмыстар жалғасын табатын болады.
Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет.
Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2024 жылы 25 қаңтардағы «Жұмысшы тобын құру туралы» №36 өкіміме сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылға Зертас ауылдық округі бойынша тұрғындардың өз кәсібін ашу, Кемеқалған ауылдық округі бойынша мал шаруашылығын дамыту (ет өндіру), Алатау ауылдық округі бойынша құс шаруашылығын дамыту және Тасарық ауылдық округі бойынша мал шаруашылығын дамыту (сүт) тізімі бекітіліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолданды.
Бүгінгі күнге 77 жобаға 670,78 млн. теңге қаржы игеру бойынша тізімі жасалып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолданды. Алдағы уақытта «тауар несиесін» беру жұмыстары ұйымдастырылатын болады.
Отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу мақсатында 2024 жылы 36 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып, 7 айдың қортындысымен 17,8 млрд.теңге инвестиция тартылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,7 пайызды құрады. 2024 жылғы 11 сәуірдегі №120 өкіміме сәйкес, аудандағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.