«Мемлекеттік тіл—менің тілім»

Oinet.kz 05-09-2024 68

3.jpg 

Түркістан облысы Сайрам ауданында 5-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты салтанатты шара өтті. Ұлт ағартушысы, тіл ғалымы, мемлекет әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар тойланатын мерекеде мемлекеттік тіл мәртебесі көтеріліп, бірқатар сала қызметкерлері марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйіндегі жиында Тілдерді оқыту және жекеменшік "Лидер", "GES" оқыту орталықтарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" мекемесінің тыныс-тіршілігі таныстырылды. Мерекелік шарада Сайрам ауданының Құрметті азаматтары, тіл жанашырлары Амангелді Қабылбеков, Әлібек Байназар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаев мемлекеттік тілді дамыту саласында елеулі еңбек еткен 13 азаматты марапаттады. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, көрермендер аудан өнерпаздарының өнерін тамашалады.


Түркістан: 21 ауыл интернетке қосылды
Кентау: Грантқа—шағын цех
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу