«Өнерлі өлке»: «Ата ұлды, ана ұлтты тəрбиелейді»

Oinet.kz 05-09-2024 85

1.jpg 

«Өнерлік өлке» Түркістан өңірінде дәстүрлі  өнер мерекесіне айналды.

 Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының мәдени күндері басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Этноауыл аумағында ауданнан шыққан танымал ақын жазушылардың кітап көрмесі қойылып, жиылған қауым аудан мәдениетімен кеңінен танысты.

Бұдан бөлек, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жəрмеңкесі, ауылшаруашылық өнімдерінің және ұлттық тағамдардың көрме жəрмеңкесі халыққа ұсынылды. Қалаға келуші туристер ұлттық астан дәм татып, өз пікірлерін білдірді.

Шарада «Ата ұлды, ана ұлтты тəрбиелейді» атты салт-дəстүр, əдет-ғұрыптардан көріністер сахналанды. Көне салт-дәстүрлер дәріптелді. Қазақ руханиятының төл тұмары саналатын терме, халық əндері мен дəстүрлі əндерден концерттік бағдарламалар көрсетілді. Мархабат Байғұттың «Машаттағы махаббат» повестінен көше театры стилінде «Мақталы» халық театры музыкалық-сахналық қойылымды сомдады.

Айта кетейік, іс-шара ертең де жалғасын табады. Сағат 10:00-13:00 аралығында Этноауылда ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізіледі және ұлттық тағамдардың көрме-жəрмеңкесі өтеді. Ал 20:00-де «Керуен сарай» туристік кешенінде «Текті төрім – Түлкібас» атты аудан өнерпаздарының гала-концерті өтеді.


Шымкентте МӘМС шеңберінде 70-тен астам медициналық ұйым оңалту шараларын көрсетуде
Түркістан: 21 ауыл интернетке қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу